Аудан әкімі

Аудан әкімі А.Сеитовтың тұрғындармен кездесудегі ауданның 2009 жылғы әлеуметтік-экономикалық дамуының қорытындылары туралы есебінен тезистер
Күршім ауданы әкімінің 2010 жылы аудан тұрғындарымен есепті кездесуі барысында айтылған өтініш, сын – ескертпелерді орындау бойынша іс-шаралар
   

Күршім ауданының Әкімі - Сеитов Алтайбек Сейітұлы

1951 жылы 18- қыркүйекте Шығыс Қазақстан облысы, Үлкен-Нарын ауданы, Майемер ауылында туған, ұлты қазақ, 2 жоғары білімі бар.
1974 жылы Қазақ мемлекеттік Еңбек Қызыл Ту орденді ауылшаруашылық институтын ғалым-агроном, 2002 жылы Қарағанды мемлекеттік - техникалық университетін экономист-юрист мамандықтарын алып бітірген.
Еңбек жолын 1968 жылы Үлкен-Нарын ауданындағы Ленин атындағы колхозда бөлімшенің есепшісі болып бастап, осы шаруашылықтың бас инженер-гидротехнигі, бас агрономы, «Ульяновский» ет-сүт совхозында бас агроном болып 1986 жылдарға дейін қызмет атқарды.

1986 жылдан 1988 жылға дейін Үлкен-Нарын аудандық маманданды-рылған мал бордақылау бірлестігінің директоры болып, 1988 - 1992 жылдар аралығында аудандағы «Юбилейный» ет-сүт совхозының директоры болып қызмет атқарды.
1992- 1997 жылдары Үлкен-Нарын ауданының әкімі,
1992 – 2002 жылдары біріктірілген Үлкен –Нарын мен Катонқарағай ауданының әкімі болып қызмет атқарды.
2002 - 2004 жылдары Өскемен қаласының ұн тарту комбинатының «ТАНур Бидай» ААҚ-ның директоры,
2004-2005 жылдары Шығыс Қазақстан облысы әкімі аппаратының ұйымдастыру, кадр және қадағалау бөлімінің бас маманы лауазымын атқарды.
2005-2006 жылдары Қазақстан Республикасының Шығыс Қазақстан облысындағы Қазақстан Республикасының Президенттігіне кандидат Н.А. Назарбаевты қолдау штабының ұйымдастыру және бұқара мен ақпарат үгіт-насихат бөлімінің меңгерушісі, Шығыс Қазақстан облысы әкімі аппаратының облыстық ауыл шаруашылығы департаментінің тұқым шаруашылығының басагрономы болып қызмет атқарды.

2006 жылы Қазақстан ұлттық Продкорпорация ААҚ-ның «Астық қой-малары» ЖШС директорының қаржы саласындағы орынбасары болып қыз-мет атқарып келді.
28.02.2007 жылдан бері Күршім ауданы әкімінің қызметін атқарушы.
Отбасылы, үш баласы, немерелері бар. Барлығы жоғарғы оқу орындарын бітірген, қызметте.

Лауазымдық қызметі: Аудан Әкімі аппаратына тікелей басшылық етеді, аудан мекемелерінің, комитеттердің, департаменттердің, ұйымдардың, кәсіпорындардың және ауылдық округ әкімдерінің ауданның экономикалық және әлеуметтік дамуында атқаратын жұмыстарын үйлестіреді. Аудан бойынша Ұлттық қауіпсіздік комитетінің, аудандық әскери комиссариаттың, ішкі істер бөлімінің, аудандық қаржы бөлімінің, әділет бөлімінің, азаматтық қорғаныс және төтенше жағдайлар жөніндегі мәселелерін қарастырады.
Аудан бюджетінің орындалуы және қаржының пайдаланылуы сұрақтарын шешеді. Бөлім басшыларын, аудан Әкімі қызметкерлерін, ауылдық округ әкімдерін тағайындау және қызметтен босату, облыстық және республикалық бюджеттен қаржыландырылатын аудан органдарының басшыларының кандидатурасын келіседі. Құқық қорғау органдарының қызметін қадағалайды.
  
  Қабылдау уақыты: Әр сәрсенбі сағат 9.00-ден 12.00-ге дейін.
  Телефоны: 8-(72339)-2-14-00.

Күршім ауданы әкімінің ресми сайтын пайдаланушы  ханымдар мен мырзалар!

Мен Сіздерді ауданның ресми сайтында құрметпен қарсы аламын. Күршім ауданы 1928 жылы құрылды. 1997 жылдан бастап ауданымыз бұрыңғы Марқакөл ауданын біріктірді. Бүгінгі күнде ауданда 38202 адам тұрады. Ауданда 61 елді мекен орналасқан.

Аудан су ресурстарына және де ауылшаруашылығын жүргізуге жарамды жерлерге бай, олардың жалпы көлемі 1572,4 мың гектар құрайды, оның ішінде 15 мың га суармалы егістіктер. Қалған бөлік  жоғары сапалы жайылымдар мен шаппалар. Ауданымыздың 431,0 мың гектар жерін орманды алқаптар алуда.
Ауданымыздың экономикалық дамуының басты саласы ауылшаруашылық кешені, оның ішінде мал шаруашылығы саласы болып табылады. Бүгінгі күні ауданда мүйізді ірі қара саны 53335 басқа жетті, оның ішінде сиыр саны 25197 басқа, жылқы 13641 басқа, құс саны 37997 басқа, қой мен ешкі саны 169902 басқа жетті.

Ақпараттық технологиялардың дамуы аудан өміріне қызығушылық танытқандарға толық және жедел ақпарат алуға мүмкіндік береді. Күршімдіктерді қоғамдық-саяси, мәдени  өмірінен хабардар етеді. Сайтқа кірушілер кез келген сұрағы бойынша шұғыл жауап алуға мүмкіндігі бар.
Веб-сайттың басқы міндеттерінің бірі билікті халыққа ашық және айқын
қылу. Сайт беттерінде әрбір  қатысушы әкімге сұрақ қойып  жедел ақпарат алуға мүмкіндігі бар.

Біздің сайтқа қош келдіңіз!