Әкім аппараты

Күршім ауданы әкімінің аппарат басшысы  - Бахтияров Қайрат Тоқанұлы

1968 жылы 08 каңтарда Шығыс Қазақстан облысы, Күршім ауданы Зеленое селосында жұмысшы отбасында дүниеге келді.
1975-1985 жылдары Зеленое ауылындағы Совет орта мектебінде оқыды. 1985 жылдың қазаны 1986 жылдың мамыры аралығында Күршім ауылындағы СПТУ-25-те тракторист-машинист мамандығына оқыды. 1986 жылдың 9 мамыры 1988 жылдың 10 маусымы аралығында Совет Армиясы қатарында қызмет етті. 1988 жылы С.М.Киров атындағы ҚАЗМУ-дің тарих факультетіне түстім. 1993 жылы Әль-Фараби атындағы ҚАЗМҰУ-ң тарих факультетін, тарих және қоғамтану мамандығы бойынша бітіріп шықты. 1995 жылдың 3 мамырынан 1998 жылдың 28 қыркүйегі аралығында Күршім ауданы басшысы /глава/ аппаратының Жастармен жұмыс, туризм және спорт бөлімінің меңгерушісі қызметін атқарды. 1998 жылдың 28-қыркүйегі 2001 жылдың 18-қаңтары аралығында ішкі саясат бөлімінің бас маманы қызметін атқарды.
2001 жылдың 18-қаңтары мен 1-қарашасы аралығында Күршім ауданының мәдениет, спорт және жастар бөлімі меңгерушісінің орынбасары қызметін атқарды. 2001 жылдың 1-қарашасынан 2002 жылдың 17-шілдесі аралығында мәдениет, спорт және жастар бөлімінің бас маман қызметін атқарды. 2002 жылдың 17 шілдесі-27 желтоқсаны аралығында Күршім ауданы Әкімі аппаратының басшысының міндетін атқарды. 2002 жылдың 27-желтоқсаны 2005 жылдың 14-сәуірі аралығында аппарат басшысы қызметін атқарды.
2005 жылдың 14-сәуірінен 2006 жылдың 2-мамыры аралығында Күршім ауданы Әкімінің әлеуметтік сала бойынша орынбасары қызметін атқарды.
2006 жылдың 2-мамыры 2007 жылдың 5-маусымы аралығында Күршім ауылдық округі Әкімі қызметін атқарды.
2007 жылдың 5 маусымынан бастап Күршім ауданының денешынықтыру және спорт бөлімінің меңгерушісінің қызметін атқарды. 2008 жылдың 12 мамырынан бастап Күршім ауданы әкімінің аппарат басшысы қызметіне тағайындалып, жұмыс істеуде.
Үйленген, екі қызы бар.

Лауазымдық міндеттері:
Аудан әкімінің қызметін қамтамасыз ету бойынша жұмыстарды ұйымдастыру және басшылық жасау. Ауылдық округ әкімдері қызметін, аудандық мекемелер, жергілікті атқарушы органдардың қызметін аудан әкімінің тапсырмалары, өкімдері мен шешімдерінің орындалуы арқылы үйлестіреді.
Ауданның мекеме басшыларын, ауылдық округ әкімдерін Президенттің, Үкіметтің нормативтік актілерін, облыс пен аудан әкімінің шешімін орындамағаны үшін тәртіптік жауапқа тартуға ұсыныс дайындайды.
Уәкілді және атқарушы органдарды сайлауды материалдық-техникалық қамтамасыз ету. Аудан әкімінің аудандық мәслихатпен өзара әрекетін қамтамасыз етеді.
Аудан әкімі тағайындайтын кадрлар бойынша ұсыныстар жасау. Аппарат және оның бөлімшелерінің жұмысшыларын тағайындау және жұмыстан босату. Аудан әкімінің аппаратының қызметін үйлестіру және басшылық жасау. Аудандық әкімдіктің  жұмыс жоспарының, қаулыларының орындалуын бақылауға алу. Әкімдіктің жұмысын үйлестіру. Мемлекеттік қызметкерлердің Қазақстан Республикасы Конституциясы мен “Мемлекеттік қызмет туралы”, “Сыбайлас жемқорлықпен күрес туралы”, “Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы”» заңдарын, «Еңбек кодексінің»  бұлжытпай орындалуына бақылау жасайды.
Ауылдық округ әкімдеріне транспортқа, ғимаратқа, құрал – жабдыққа қатысты сұрақтарын шешуге көмек көрсетеді.

Қабылдау күндері: дүйсенбі сағ. 9.00-18.00 дейін
Тел 8(72339) 22102

 

Күршім ауданы әкімі аппаратының ұйымдастыру-кадр және бақылау бөлімі

Бөлім меңгерушісі: Қизатова Меруерт Қалымқызы
1968 жылдың 1 қаңтарында Шығыс Қазақстан облысы Күршім ауданының Аманат ауылында дүниеге келген.
1974 жылы Мөнекей сегізжылдық мектебінің 1 сыныбына барып, 1984 жылы Совет орта мектебін аяқтады.
1984 жылы Өскемен құрылыс-жол институтына түсті.
1989 жылы аталмыш институтты инженер-құрылысшы мамандығы бойынша тәмамдады.
1990-1994 жылдар аралығында Күршім ауылындағы ПМК-4 мекемесінде кадр бөлімінің инспекторы болып жұмыс істеді.
1999 жылы сырттай Шығыс Қазақстан мемлекеттік университетіне түсіп, 2001 жылы қазақ тілі және әдебиеті пәні мұғалімі мамандығын алды.
1999-2003 жылдар ішінде Күршім №3 орта мектебінде іс қағазын жүргізуші, қазақ тілі және әдебиеті пәні мұғалімі қызметтерін атқарды.
2003-2005 жылдары аудандық санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау басқармасында бас маман-аудармашы, мемлекеттік тілді дамыту бойынша жетекші маман қызметтерінде болды.
2005-2008 жылдары аудан әкімі аппаратының кадр және мемлекеттік-құқықтық жұмыс бөлімінің жетекші маманы қызметтерін атқарды.
2008-2009 жылдары аудандық білім бөлімінің кадр қызметі жөніндегі әдіскері болды.
2009 жылдың қарашасынан осы уақытқа дейін  аудан әкімі аппаратының ұйымдастыру-кадр және бақылау бөлімі меңгерушісінің міндетін атқарушы болып жұмыс атқаруда.
Тұрмыста, 2 ұлы бар.

Функциональдық міндеттері:
Ауданның атқарушы және өкілетті органдарының құрылымдық бөлімшелерімен ұйымдастыру-ақпараттық байланыстарды қамтамасыз етеді. Аудан әкімінің ұсынысына сәйкес ауданның басқару органдарының басшыларына кадрлар резервінің тізімін дайындайды. Ауылдық округ әкімдерімен семинарлар өткізеді. Кадрлардың Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы біліктілігін жетілдіру Академиясында және Шығыс Қазақстан облысы әкімі жанындағы мемлекеттік қызметкерлердің біліктілігін жетілдіру өңірлік орталығында оқуын қамтамасыз етеді. Аудан әкімінің, ауылдық округ әкімдерінің халық алдындағы есеп беру жиналыстарының өтуіне, олардың хаттамаларының, шаралар жоспарларының  ресімделуіне бақылау жасайды.

Байланыс телефоны: 8(72393)21679

 

Шығыс Қазақстан облысы Күршім ауданы әкімінің аппараты, кеңсе бөлімі

Меңгерушісі: Такенова Сандуғаш Базылханқызы.

Шығыс Қазақстан облысы, Күршім ауданының Бурабай аулында 1959 жылы дүниеге келген. 1976 жылы Ш. Уәлиханов атындағы орта мектепті бітіріп, 1979 жылы қыркүйек айына дейін ХХІІ-сьезі атындағы кеңшарда әр түрлі жұмыста істеген.
1979 жылдың қыркүйегінен 1981 жылдың шілде айына дейін Талдықорған қаласындағы Заң техникумында оқыды.
1981 жылы тамыз айы 1982 жылдың тамыз айы аралығында Талдықорған Заң техникумының жолдамасымен Өскемен қаласының зейнетақы төлем орталығында жұмыс атқарды.
1982 жыл тамыз-1990 жыл қаңтар айы арасында Күршім ауданы ауылшаруашылық басқармасында заңгер болып жұмыс істеді.
1990 жыл қаңтар-1999 жыл сәуір айы аралығында Күршім ауданының әлеуметтік қорғау бөлімінде бөлім меңгерушісі, 1999 жыл сәуір айынан 2004 жыл қыркүйек айына дейін бас маман болып жұмыс атқарды.
2004 жылдың қыркүйек – 2005 жылдың қаңтар айына дейін ауысу тәрібімен аудан әкімінің көмекшісі болып, 2005 жылдың қаңтар айынан бастап 2007 жылдың шілде айына дейін аудан әкімінің аппаратының кадр және мемлекеттік-құқықтық бөлімінің бас маман заңгері болып жұмы атқарды.
2007 жылдың шілде айынан бастап бүгінгі уақытқа дейін Күршім ауданы әкімінің аппаратының кеңсе бөлімінің меңгерушісі болып жұмыс істеуде.

Лауазымдық міндеті:

  • әкім  аппаратының іс қағаздарын жүргізеді;
  • азаматтардың хаттарының, арыз-шағымдарының уақытында орындалуын қадағалайды;
  • әкімнің азаматтарды жеке  қабылдауында түскен арыз-шағымдардың орындалуы туралы тапсырмаларды тиісті лауазымды тұлғаларға уақытында жеткізіп, орындалуын қадағалайды;
  • аудан әкімі аппаратындағы іс номенклатурасын жасайды, рәсімдейді, құжаттарды мұрағатқа тапсыруды дайындайды;
  • барлық іс қағаздарының сақталуына жауап береді;
  • «Электрондық үкімет» бағдарламасы бойынша жұмыстар атқарады.

Байланыс телефоны 8(72339)22144

 

Қаржы-шаруашылық бөлімі

Меңгерушісі: Ақтекенов Есманбек Адайұлы

1947 жылы 18 қазан айында Күршім ауданы, Қоржын ауылында дүниеге келген. Еңбек жолын Ақсуат учаскесінде балықшы болып бастастады. Әскерге шақырылғанға дейін Ақсуат сегізжылдық мектебінде мұғалім болып істеді. 1966 жылдың маусым айынан 1968 жылдың желтоқсанына дейін Совет Армиясы қатарында болып, 1969 жылдың қаңтарынан 1969 шілдесіне дейін Күршім облыстық сырттай орта мектебінде методист болып істеді.
09. 1969-06.1977 жылдар аралығында Ақсуат орта мектебінде мұғалім болып қызмет атқарады.
07.1977-01.1981 жылдар арасында Балықшы селолық Советі атқару комитетінің председатель болып жұмыс істеді.
01.1981-10.1983 ж.ж. аудандық оқу бөлімінде әдіскер, аудандық атқару комитетінде инструктор, инспектор қызметтерінде болды.
10.1983-07.1991 жылдары Күршім аудандық партия комитетінде нұсқаушы, үгіт-насихат бөлімі меңгерушісінің орынбасары, іс жүргізу секторының меңгерушісі, жалпы бөлім меңгерушісі, І-хатшының көмекшісі болып жұмыс атқарды.
07.1991-03.1994 ж.ж. аудандық жұмыспен қамту орталығының директоры, 03.1994-11.2003 жылдар арлығында аудандық мәслихаттың хатшысы болды. 11.2003-01.2004 ж.ж. уақытша бос болды.
01.-04. 2004 ж. Арасында аудан әкімі аппаратының жалпы бөлімінің меңгерушісі міндетін атқарды.
04.2004-02.2007 ж.ж. Күршім аудандық байланыс торабының бастығы болып істеді. 02.2007-06.2007 уақыт аралығында уақытша бос болды. 06.2007-10.2007 ж.ж. Күршім ауылдық округінің әкімі болып істеді.
2007 жылдың қазан айынан қазіргі уақытқа дейін Күршім ауданының әкімінің аппаратында қаржы-шаруашылық бөлімінің меңгерушісі болып істейді.
Үйленген, 4 баласы бар.

Лауазымдық міндеті:

  • аудан әкімі аппаратының қаржылық- шаруашылық іс-әрекетін қамтамасыз етеді;
  • аудан әкімі аппаратының тиісті бөлімдерінде аудан әкімінің қаржы-шаруашылық мәселелеріне байланысты өкімдері мен шешімдерінің, аудан әкімінің және аппарат басшысының тапсырмалары бойынша тексерулерді жүзеге асырады;
  • анықталған кемшіліктерді жоюға шара қолданады, осы жөнінде аудан әкіміне, аппарат басшысына ақпарат береді, қажетіне қарай аудан әкімінің жанындағы оперативтік кеңестерде қарауға сұрақ енгізеді;
  • бөлім басшыларына анықталған кемшіліктерді жою бағытында, жұмыс стилі мен әдістерін жетілдіруге көмек көрсетеді;
  • аудан әкімі аппаратында негізгі қорлар мен  тауар- материалдық құндылықтардың қатаң сақталуын бақылайды;
  • аудан әкімінің аппаратында, тиісті бөлімдермен бірлесе отырып қажетіне қарай қаржы-шаруашылық жұмыстар бойынша кеңестер ұйымдастырып өткізеді;
  • аудан әкімдігінің  мәжіліс залдарын, жұмыс бөлмелерін мәжілістер өткізуге, қызмет көрсетуге дайын болуын қамтамасыз етеді;
  • қаржы-шаруашылық жұмыстарға байланысты келіп түскен азаматтардың   жазбаша, ауызша өтініштеріне жауап береді.

Байланыс телефоны 8(72339)21945

 


Төтенше жағдайлар және азаматтық қорғаныс бойынша

Күршім ауданы әкімі аппаратының жұмылдырудайындығы, төтенше жағдайлар және азаматтық қорғаныс бойынша бас маманы  - Елшібаев Тоқтарбек Мырзағалиұлы

1950 жылы 28 қазанда Күршім ауданы Шірдаяқ ауылында дүниеге келді. 1959 жылы Жанбай  ауылында бірінші класқа барды. 1969 жылы Шірдаяқ ауылында орта мектепті бітірді. 1969-1971 жылдарда Совет армиясы қатарында азаматтық борышын атқарды. Әскерден келген соң Высакогор совхозының №4 фермасында жұмыскер болып орналасты. Осы совхозда 1984 жылға дейін тракторист, бригадир, механик болып жұмыс істеді. 1984 жылдан 1996 жылға дейін СОКП ХХІІ съезі атындағы совхозда инженер механик, МТМ-да меңгеруші болып жұмыс істеді. 1997-2004 жылдары жұмыс істеген жоқ. 2004 жылдан бастап Күршім ауданы әкімі аппаратының азаматтық қорғаныс және төтенше жағдайлар жөніндегі бас маманы. Үйленген. 3 баласы бар.

Төтенше жағдайлар және азаматтық қорғаныс жөніндегі бас маман лауазымдық міндеттері

  • Төтенше жағдайлар кезінде құтқару және жедел қалпына келтіру қызметінің жұмысын үйлестіреді.
  • Төтенше жағдайлар және азаматтық қорғаныс жөніндегі комиссияның құжаттарын жүргізеді.
  • Азаматтық қорғаныс бойынша жаттығулар өткізеді, ауа райының жағдайын қадағалайды, ол туралы аудан әкімін, төтенше жағдайлар жөніндегі комиссияның төрағасын дер кезінде хабардар етеді.
  • Төтенше жағдайлардың алдын алу бойынша іс-шараларды жүзеге асырады.
  • Өрт сөндіру қызметтерінің жұмысына басшылық жасайды.
  • Төтенше жағдайлар кезінде аудан әкімі аппаратындағы кезекшілікке жауап береді.
  •  Мобилизациялық дайындыққа жедел әрекет ету топтарының жұмысын үйлестіруге жауап береді.

Байланыс телефоны 8(72339)21782