Әкімінің орынбасары

Күршім ауданы әкімінің орынбасары - Әзімбаев Қайрат Зайнолдабекұлы

1962 жылы 13 сәуір айында Шығыс Қазақстан облысы Марқакөл ауданы Жаңа-Аул ауылында дүниеге келді. 1969 жылы Қалжыр орта мектебінің 1 сыныбына барып, 1979 жылы осы мектепті бітірді. Сол жылы Өскемен құрылыс-жол институтының  жол қозғалысын ұйымдастыру факультетіне түсіп, 1984 жылы осы институты жол қозғалысының инженері мамандығы бойынша бітіріп шықты.
1984 жылдың қыркүйек айынан бастап 1986 жылдың маусым айына дейін Павлодар қаласының №1 автобус паркының жол қозғалысының қауіпсіздігін сақтау бөлімінің бас инженері болып жұмыс істеді.
1986 жылдың шілде айынан қазан айына дейін Марқакөл АТП-сының жол қауіпсіздігін сақтау инженері болып қызмет атқарды.
1986 жылдың қазан айынан 1992 жылдың мамыр айына дейін жол қауіпсіздігін сақтау инженері болды.
10.1992-08.1994 ж.ж. аралығында Марқакөл АТП-сының эксплуатация жөніндегі орынбасары болып жұмыс істеді.
1994 жылдың тамыз айынан 1997 жылдың қыркүйек айы аралығында бас инженері болды.
09.1997-07.2001 ж.ж. Марқакөл АТП-сының президентінің міндетін атқарушы болып қызмет атқарды.
2001 ж. қазанынан-2003 ж. қазанына дейін «Жаз» шаруа қожалығының төрағасының орынбасары болды.
2003 жылы қазан айынан өз өтініші бойынша «Жаз» шаруа қожалығынан жұмыстан босатылды.
01.2004-05.2006 ж.ж. арасында Теректі ауылдық округінің әкімінің орынбасары болып тағайындалды.
2006 жылдың мамыр айынан «Күршім ауданы әкімінің аппараты» ММ аппарат басшысы. 2008 жылдың 27 наурызынан бастап аудан әкімінің орынбасары. Үйленген, екі баласы бар.

Қабылдау күндері: жұма сағ 9.00-18.00 дейін
Тел 8(72339) 22106

Лауазымдық міндеттері:
Өнеркәсіп кәсіпорындарын, құрылыс, транспорт, байланыс, энергетика, тұрғын үй – коммуналдық шаруашылық, тұрғын үй саясатын жүзеге асыру, жол шаруашылығы, мұнай өнімдері мен жанармаймен қамтамасыз ету және жеткізу, еңбекті қорғауға жедел басшылық жасау және қайта құру сұрақтары.
Құтқару қызметі мен төтенше жағдай кезінде қайта қалпына келтіру жұмыстарын үйлестіруді іске асыру. Өнеркәсіп кәсіпорындарының қызметін, жергілікті өнеркәсіп кәсіпорындарының, энергетика, аудандық телекоммуникация, мемлекеттік пошта байланыс, өрт сөндіру органдарының қызметін үйлестіреді.
Басшылық жасайтын салалары: экология және табиғатты пайдалану комитеті, өндірістік-жол жөндеу бөлімшесі, коммуналды шаруашылық кәсіпорны, орман шаруашылығы, аудандық пошта байланыс  басқармасы, мемлекеттік қорық, аудандық электр қуатын жеткізу қызметі. Құрылыс, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімдерінің, аудандық газбен қамтамасыз ету қызметінің, қозғалмайтын мүлікті тіркеу орталығының  жұмысын үйлестіреді. Сәулет және құрылыс сұрақтарына байланысты мәселелерді шешеді. Ауданның сәулет, құрылыс  мәселелері бойынша Бас жоспарын жасауға басшылық жасайды, мемлекеттік меншікті басқаруды ұйымдастыру және коммуналдық меншік объектілеріне және жекешелендіру мәселелеріне жауап береді.
Ескі және қираған ғимараттарды құлату және қайта қалпына келтіру, жергілікті және республикалық маңызы бар жолдарды қалпына келтіру және жөндеу сұрақтарына   басшылық жасайды.
Ауданда “Таза су”, “Ауыз су” бағдарламаларын жүзеге асыруға және кондоминимум жұмыстарына жауап береді.
“Қазақстан Республикасының еңбек туралы” Заңының орындалуына бақылау жасайды.
Жеке меншік секторына отын және көмір дайындау, сату жұмыстарын ұйымдастырады. Бюджеттік ұжымдарға көмір жеткізуді ұйымдастыруға, мектеп, аурухана, клубтық мекемелер мен көппәтерлі үйлердің жылу беру мерзімінің ойдағыдай өтуіне жауап береді.
Санитарлық тазалық, елді мекендерді көгалдандыру мен көріктендіру сұрақтарына  басшылық жасайды.
Мынандай комиссияларға басшылық жасайды:
1.Төтенше жағдай жөніндегі комиссия.
2.Тұрғын үйлер мен мәдени - әлеуметтік нысандарды және қайта өңделген жерлерді қабылдау комиссиясына.
3.Тұрғын үй комиссиясы
4.Тәртіптік комиссия.
“Бақылау күні” өткізілуіне жауап береді.

 

Күршім ауданы әкімінің орынбасары - Әлқанов Дүйсенбі Әлқанұлы

Шығыс Қазақстан облысы Күршім ауданы Сарыөлең ауылында 1949 жылдың 1 маусымында дүниеге келген.

1966 жылы Ю.А.Гагарин атындағы Күршім орта мектебін бітірген соң Семей зоотехникалық-малдәрігерлік институтына оқуға түскен. Осы оқу орнын 1971 жылы бітіріп, мал дәрігері мамандығын алды.

Еңбек жолын 1971 жылдың қыркүйек айында «Маралды» кеңшарының Пугачев фермасынның малдәрігері болудан бастады. Бұдан кейінгі жылдарда осы кеңшардың Қойтас фермасының мал дәрігері, Қазақстан Компартиясы Күршім аудандық комитетінің нұсқаушысы, Күршім ауданы мамандандырылған бірлестігінің, содан соң «Қалғұты» кеңшарының партия комитеттерінің хатшысы болып жұмыс істеді. 1980-1982 жылдарда Алматы жоғарғы партия мектебін оқып, бітірді. Осы мектепті бітірген соң Қазақстан Компартиясы Күршім аудандық комитетінің ауылшаруашылығы бөлімінің меңгерушісі, Абай атындағы кеңшардың мүдірі, Күршім ауданы экология және биоресурстар басқармасының бастығы қызметтерінде істеді. 1995 жылдың мамыр айынан 2005 жылдың қаңтарына дейін Күршім ауданының ауылшаруашылығы бөлімінің меңгерушісі. 2005 жылдың қаңтарынан бастап Күршім ауданының ауылшаруашылығы және жер қатынастары бөлімінің меңгерушісі болып істейді. 2007 жылдың қыркүйек айынан Күршім ауданының әкімінің орынбасары. Жеке отбасын құрған, үш баласы бар.

Қабылдау күндері: сейсенбі сағ 9.00-18.00 дейін
Тел 8(72339) 22103

 

Күршім ауданы әкімінің орынбасары - Қалелов Мамырбек Жәлімханұлы

Шығыс Қазақстан облысы, Күршім ауданы, Ақши аулында 1969 жылы 5 қаңтарда дүниеге келген.
1976 жылы Ақши орталау мектебіне 1 сыныпқа барды. Ақши орталау мектебін бітіргеннен кейін Өскемен қаласындағы Жамбыл атындағы мектеп-интернатта оқуын жалғастырды.
1986 жылы орта мектепті бітіріп, Өскемен қаласындағы құрылыс және жол институтына «Автомобиль көлігі»  факультетіне түсті.

I-курсты бітірген соң 1987 - 1989 жылдар аралығында әскер қатарында болды.
Әскерден келгеннен кейін құрылыс және жол институтында оқуын ары жалғастырып, 1993 жылы «Экономика және автокөліктегі ұйымдар» мамандығы бойынша бітірді. Институт жанындағы әскери кафедрадан «лейтенат» атағын алды.
1993 жылдың маусым айынан тамыз айына дейін экономист болды.
1993 жылдың тамыз айынан 1998 жылдың қыркүйек айына дейін Күршім ауданының қаржы бөлімінде бас экономист болып жұмыс істеді.
Сол жылдың қазан айынан бастап 2005 жылдың қаңтар айына дейін экономика бөлімінің меңгерушісі болды.
2005 жылдың қаңтар айынан мамыр айына дейін Күршім ауданының әкімі аппаратының қаржы-шаруашылық бөлімінің меңгерушісі болды.
Сол жылдың мамыр айынан 2006 жылдың мамыр айына дейін Күршім ауданының әкімі аппаратының басшысы болып жұмыс атқарды.
2006 жылдың мамыр айынан бүгінгі күнге дейін Күршім ауданы әкімінің орынбасары міндетін атқарып жүріп.
Жеке отбасын құрған, екі баласы бар.

Ауданның әлеуметтік-экономикалық даму реформаларын жүзеге асырудың ағымдағы және жедел сұрақтарына, ауданның реформаларды тереңдету, нарықтық қатынастарды дамыту бағдарламаларын жүзеге асыруға жауап береді.
Аудан бюджетін жоспарлауға, оның орындалуына және жүйелі, мақсатты жұмсалуына бақылау жасайды.
Халық тұтынатын заттар өндірісін ұйымдастыруға, сауда қызметін көрсетуге, тұтынушылардың құқығын қорғау сұрақтары бойынша жедел басшылық жасауға жауап береді.
Айлық жалақыны төлеу, кәсіпкерлікті дамыту, кіші және орта бизнесті қолдауға көмектесу және өндіріс өнімдерін шығару мен қайта өңдеудің мәселерімен айналысады.
Халықтың көшу және демография реформаларын жетілдіру сұрақтарына басшылық етеді.
Ақша айналымы, несие алу, перспективалық болжам және өндіріс күштерін, материалдық-техникалық жағынан дамыту, еңбек ресурстарын ұтымды пайдалану мәселелеріне жауап береді.
Салық комитетінің, қазынашылық бөлімінің, кәсіпкерлік, қаржы, экономика және бюджеттік жоспарлау, статистика бөлімдерінің, сақтандыру фирмаларының, банк бөлімшелерінің жұмыстарын үйлестіреді.
Ауданның рейтингісін анықтайтын салалар бойынша жұмыс жүргізеді. Аудан әкімі болмаған кезде оның міндетін уақытша атқарады. Құжаттарға қол қоюды.

Қабылдау күндері: бейсенбі сағ 9.00-18.00 дейін
Тел 8(72339) 22105
mail:  M_Kalelov@mail.ru