Бокстан өткізілген республикалық турнир жүлдегері

2009 жылдың 4-7 қараша аралығында облыс орталығы Өскемен қаласында Шығыс Қазақстан облысы әкімі кубогі үшін ересектер арасында бокстан республикалық турнир болып өтті. 54 кг салмақ дәрежесінде жарысқа қатысқан Н.Островский атындағы Күршім № 4 орта мектебінің 11-сынып оқушысы Руслан Ахметов өз салмақ дәрежесінде жүлделі ІІІ орынға ие болды. Русланның жаттықтырушысы Н.Нұрсадықов.

Қазіргі таңда Күршім аудандық балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің бокс секциясында 30 бала бокспен  айналысады. Жас спортшылар аудандық, облыстық, республикалық әртүрлі жарыстарға қатысып, аудан намысын қорғауда.