|
|
|
Әлеуметтік қорғау
Күршім ауданында халықты жұмыспен қамтудың орындалу барысы туралы
Күршім ауданы әкімдігінің 2008 жылғы 04 қаңтардағы №471 қаулысымен халықты жұмыспен қамту жүйесін жетілдіру жөніндегі 2008-2010 жылдарға арналған іс-шаралар жоспары бекітілді. Бұл жоспар бойынша жұмыссыздық мәселесімен келетіндердің саны-1970, жұмысқа орналасатындар-1473 адам болмақ. 60 жұмыссыз әлеуметтік жұмыс орнына орналасып, 185 адам кәсіптік оқуға, 37 жас "Жастар іс тәжірибесі" бағдарламасы бойынша жіберілмек. 1610 жұмыссызды ақылы қоғамдық жұмыстарға жіберіп, 1670 жаңа жұмыс орындары ашылады деп жоспарланды.
2008 жылы 724 жаңа жұмыс орны ашылды. Оның ішінде 314-і ауыл шаруашылығы, 142-сі шағын бизнес, 15-і өнеркәсіп, 95-і құрылыс саласы бойынша ашылды. 587 жұмыссыз ақылы қоғамдық жұмыстарға жіберілді. 502 жұмыссыз тұрақты және уақытша жұмыстарға орналастырылып, 24 жасқа дейінгі 11 жас мамандықтары бойынша іс-тәжірибе жинақтауға жіберілді. Нысаналы топқа жататын 21 адам әлеуметтік жұмыс орнына орналастырылды. Жыл басынан бері 65 жұмыссыз кәсіптік оқуды аяқтап, жұмысқа орналасты.
2008-2010 жылдарға жасалған аудандық бағдарламаның басты мақсатының бірі-аз қамтылған халықты жұмыспен қамту арқылы кедейшілікті азайту болатын. Сондықтан жұмыстың қандай түрін болсын- тұрақты, маусымдық, уақытша-бірінші кезекте аудандық бағдарламада белгіленген мақсатты топтағы адамдарға, әлеуметтік әлжуаз, қорғауды қажет ететін адамдарға ұсынамыз. Жыл басынан бергі ақылы қоғамдық жұмыстарға қатысқан барлығы 587 адамның 379 адамы мақсатты топтан болды, оның ішінде атаулы әлеуметтік көмек алатындары 202 адам.
| Көрсеткіштер |
2008 ж |
2009 ж |
жоспар |
нақты |
пайыз |
Ақылы қоғамдық жұмысқа қатысатындар саны |
520 |
587 |
112,9 |
540 |
Оның ішінде әлеуметтік жұмыс орнына баратындар |
20 |
21 |
105,0 |
20 |
Оқуға жіберілетіндер, қайта дайындықтан өтетіндер |
50 |
65 |
130,0 |
60 |
"Жастар іс тәжірибесінен" өтетіндер саны |
10 |
11 |
110,0 |
12 |
Жаңадан ашылатын жұмыс орындар саны |
520 |
724 |
139,2 |
500 |
Жұмысқа орналасатындар саны |
490 |
502 |
102,4 |
487 |
Бөлінетін қаржы:
Ақылы қоғамдық жұмысқа (мың.теңге)
Оқуға, қайта дайындауға
Әлеуметтік жұмыс орындарына
Жастар іс тәжірибесіне |
|
19000,0
814,0
528,0
372,0 |
|
21280,0
2700,0
646,0
606,1 |
|
|
20714,0 |
|
25232,1 |
2008 жылдың 1 қаңтарына тіркелген жұмыссыздар саны 251 адам болса, жылдың соңында 231 адам болып, 20 адамға азайды.
Жұмыссыздарды кәсіптік оқытуда да оңды өзгерістер болды. Атап айтқанда, жұмыс берушілермен бірге төрт жақты келісім шарт арқылы оқыту бағытында жұмыстар ұйымдастырылды. Бұл келісім шарт бойынша кейбір жеке кәсіпкерлер оқытуға кететін шығынның жартысын төлеп, оқу мерзімі аяқталған соң жұмыссызды жұмысқа қабылдады. Жұмыспен қамту бөлімі арқылы жұмыссыздардың мамандық алу кезінде жатар орны мен тамақтануға кеткен шығындары 6 айлық есептік көрсеткіш есебінде төленді.

 |
2009 жылы 500 жаңа жұмыс орны ашылып, 540 жұмыссыз ақылы қоғамдық жұмыстарға жіберілмек, оларға 21280,0 мың теңге қаржы бөлінді. 24 жасқа дейінгі 12 жас маман іс-тәжірибе жинақтап, нысаналы топқа жататын 21 адам әлеуметтік жұмыс орнына орналасады деп көзделуде.
Бұл мақсатқа 1248,0 мың теңге қаржы жұмсалмақ. 60 жұмыссыз кәсіптік дайындаудан өтуге жіберіледі, оларға бөлінетін шығынның мөлшері 4686,0 мың теңге болмақ.
Ауданда ауыл шаруашылығы өнімдерін өңдеу кәсіпорындарын салу жұмысы қолға алынды. "Таратылған аудан орталықтарында тамақ және қайта өңдеу өнеркәсібі саласын дамыту" бағдарламасы бойынша Теректі ауылының тұрғыны Қ.Аманжолов "Заманай" шаруа қожалығы қасапхана ашу үшін құрылыс жұмыстары жүргізілуде. Бұл құрылыс жұмыстарына аудандық жұмыспен қамту бөлімі арқылы 2008 жылы 7 жұмыссыз, 2009 жылы 3 жұмыссыз екі төлем арқылы ақылы қоғамдық жұмысқа жіберілді. 2008 жылы жіберілген 7 жұмыссыздың 2-і тұрақты жұмысқа қалдырылды. |
«Заманай» шаруа қожалығының қасапхана
ашу үшін жүргізіліп жатқан құрылыс жұмыстары |
Мүгедектерді оңалту бағдарламасы бойынша мәліметтер
Аудан бойынша 1 топтағы мүгедектер-89, 2-топтағы-625, 3-топтағы-496, бала жасынан мүгедек 98, барлығы- 1308 адам тұрады.
Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 15 сәуіріндегі "Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы" заңына сәйкес жұмыс атқарылады.
2008 жылы 107 аз қамтылған отбасылары мен мүгедектерге 1000,0 мың теңгенің материалдық көмегі көрсетілді. 21 мүгедекке- 308,0 мың теңге оның ішінде жеке оңалту бағдарламасы бойынша 10 мүгедекке 105,0 мың теңге, 31 ҰОС-ның ардагерлеріне "Рауан", "Заря" басылымдарына 2008 жылдың 2-жартыжылдығына жазылу жүргізілді және 9-мамыр Жеңіс күніне 5 мың теңгеден көмек берілді. "Ізгі Жан" қайырымдылық қорынан азық-түліктің, отынның қымбаттауына байланысты 45 отбасына 292,0 мың теңгенің материалдық көмегі көрсетілді.
Квота бойынша 13 мүгедек, ақылы қоғамдық жұмысқа 5 мүгедек, әлеуметтік жұмыс орнына 1 мүгедек, жұмыспен қамту орталығы арқылы 2 мүгедек жұмысқа орналастырылды. Аудан бойынша 25 мүгедек жұмыс істеуде.
2008 жылы мүгедектерді оңалту бағдарламасына сәйкес 1225,0 мың теңгеге 9800 дана гигиеналық құралдар сатып берілді.
2008 жылы 18 мүгедекке серуен арба, 4 бөлмелік арба және 3 балалар арбасы, 10 телефакс, 2 сағат, 1 тифломагнитолла, 1 диктофон, 4 плеер, 10 таяқша берілді.
2008 жылы протездік-ортопедиялық орталыққа 11- мүгедек жіберілді.
21 зейнеткер, оның ішінде 5 мүгедек "Уба" шипажайында емделді
 |
 |
Бижанов Жанарбек. ІІ-топ мүгедегі
Телефакс алу сәті. 2008 жыл |
Кунапиев Айболат. І-топ мүгедегі
Серуен арба алу сәті. 2008 жыл |
Оралмандар туралы мәлімет
2009 жылдың 1 қаңтарына Күршім ауданы бойынша жұмыссыздық туралы мәлімет, 01.01.2009 жылына әлеуметтік көмектерді тағайындау және төлемдер туралы мәліметтер
|